Эмомали Рахмон Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эмомали Рахмон Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2014
Эмомали Рахмон Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Тәжік телеграф агенттігі.

«Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хатын жіберді», делінген хабарламада.

Э. Рахмон Тәжікстан үшін Қазақстанмен қарым-қатынас сыртқы саясаттағы ең басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Тәжікстан Республикасының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен елдің өркендеу жолында алға қойған мақсаттарына жетуін, ал қазақ халқына дәулет пен әрі қарай даму жолын жалғастыруды тіледі.

Фото: tjk.ru

Хабарламаларға жазылу