Тоқаев 90% дауыс жинап сайлауда жеңген Тәжікстан президентін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев 90% дауыс жинап сайлауда жеңген Тәжікстан президентін құттықтады

12.10.2020

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. Көрші елдегі сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін айрықша атап өтті.  

Еске салайық, Тәжікстанда президент сайлауы аяқталды. Алдын ала деректер бойынша, Эмомали Рахмон жеңіске жетті. Оған халықтың 90 пайыздан астамы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлауға тұрғындардың 85 пайыздайы қатысты. 5 үміткер бақ сынасқан. Заңға сәйкес, қорытынды нәтижелер екі аптадан кейін жарияланады.  

Жансая Қапасқызы

Тәжікстан президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу