Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

09.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік елінің басшысы Эмомали Рахмонды және ел тұрғындарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық жаңа мазмұнға ие болды, байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді, – деп жазылған жеделхатта. Президент Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая береріне сенім білдірді.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу