Студенттердің оқу ақысына қазынадан ақша бөлінбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттердің оқу ақысына қазынадан ақша бөлінбейді

31.10.2014
Студенттердің оқу ақысына қазынадан ақша бөлінбейді

С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина универтситетінде оқып жатқан студенттерге енді облыс бюджетінен қаражат бөлінбейтін болды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы орган тарапанын бұл мақсатқа қазынадан қаржы бөлу туралы арнайы ереже қабылданбаған.

Осылайша медицина универститетінде оқып жүрген 116 бала оқуларын орта жолдан доғаруға мәжбүр. Олардың жоғары білім алуына 2011 жылдан бастап қазынадан  жалпы сомасы 136 миллион теңге жұмсалған.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу