Алматы медицина универститетінде білім алған 116 студенттің мәселесі шешілмеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы медицина универститетінде білім алған 116 студенттің мәселесі шешілмеуде

21.01.2015
Алматы медицина универститетінде білім алған 116 студенттің мәселесі шешілмеуде

Ашынған ата атаналар әкімдікті сотқа бергенімен іс созбалаңға түсіп кетті. Осылайша алды білім ордасының төртінші курсында оқитын келешек дәрігерлердің болашағы бұлыңғыр болып тұр.  

41 студенттің талап арызы Алматы қаласындағы сотта қаралып жатыр. Оған негіз болған – әкімдік, жоғары оқу орны мен студенттер арасында жасаған үш жақты келісім.

Болашақ дәрігерлерді облыс бюджеті есебінен оқыту ісі өңірде 2011 жылы басталған.

Содан бері 116 студенттің жоғары оқу орнында білім алуына қазынадан жалпы сомасы 136 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Осы іске бастамашы болған билік енді балаларды тағдыр тәлкегіне тастап, барлық жауапкершіліктен құтылғысы келіп отыр. 

Егер сот студенттердің оқу ақысына қазынадан қаржы төлеу заңға қайшы деп тапса, өңірде дәрігер мамандардың тапшылығы сол қалпында қалатыны анық.

Оның үстіне олардың оқу ақысына жұмсалған мемлекет қаржысы желге ұшқанмен пара-пар деген сөз.

Ал, сот студенттердің талабын қанағаттандырса билік басындағылардың әрекеті заңды белінен басқан, ұрпақ саулығына жасаған қаскөйлік болып саналады. Дауға кесімді төрелікті алдағы уақытта сот айтады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу