Бүгін түске дейін барлық облыс орталығы мен Астана және Алматы қалаларында Парламент Сенатының депутаттарының сайлауы өтті.
Қазір кейбір өңірдегі басым дауыс алған кандидаттардың аты-жөні белгілі бола бастады. Орталық сайлау комиссиясы ертең сағат таңғы онда ресми қорытынды жариялайтын болады.
Айта кету керек, Парламенттің жоғары палатасы 47 депутаттан тұрады. Олардың 32-сі, дәлірек айтсақ әрбір өңірден екі депутат 6 жылға сайланады. Қалған 15 сенаторды Президент тағайындайды.
Бұл жолы сайлау барысын халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен тұратын 276 бақылаушы қадағалады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ