Бүгін Өзбекстанда президент сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Өзбекстанда президент сайлауы өтті

04.12.2016
Бұл жолы саяси додаға төрт үміткер қатысқан. Олар - Президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев, Хатамжон Кетмонов, Нариман Омаров және Сарвар Отамуратов.

Бұл елдегі сайлау туралы заңға сәйкес саяси науқанға сайлаушылардың 33 пайызы қатысса, сайлау заңды түрде өткен болып есептеледі. Ал, өзбек халқы бұл межеге таңғы сағат 11-де жеткенін осы елдің Орталық сайлау комиссиясы ресми мәлімдеді. Сайлаудың ресми қорытындысы ертең жарияланады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу