Сенат депутаттарын сайлау 12 тамызда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттарын сайлау 12 тамызда өтеді

12.06.2020

Сенат депутаттарын сайлау 12 тамызда өтетін болды. Бұл бойынша Президенттің арнайы Қаулысы шықты. Бүгін Ақорданың сайтында жарияланған құжатта «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын» делінген. Айта кетейік, Сенат депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімі биылғы қазан айында аяқталады. Сондай-ақ қаулыда ел Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері Сенат сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын деп жазылған.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу