Сенат сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтті

01.10.2014
Сенат сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтті

ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлауалды компаниясына толық мониторинг жүргізді. Бұл туралы бүгін Астанада ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Тәжікстан ғылым академиясының президенті Фарход Рахимов мәлім етті.

«ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан бүгін сайлау үдерісін байқап отырдық. Атап айтқанда, біз ең үлкен делегация ретінде келіп отырмыз. Делегация құрамында Әзербайжан, Армения, Қырғыз Республикасы, Ресей, Молдова және Тәжікстан елдерінен 28 байқаушы қамтылды. Сенат сайлауының куәгерлері ретінде осы үдеріске біздің сарапшылар тобы сайлауалды компаниясына мониторинг жүргізіп, толық талдау жасады. Біздің қорытынды есептік құжатта сайлау халықаралық стандарттарға, Қазақстан заңнамасына сай өткендігі атап өтілді», - деді Ф.Рахимов.

Осы орайда ол Сенат сайлауы әділ әрі ашық өткендігін және делегация тарапынан ешқандай ескерту жоқ екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта алдын ала мәліметтер бойынша еліміздің өңірлерінен дауыстардың басым бөлігін жинаған кандидаттардың есімдері белгілі бола бастады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу