Елбасы «Мерейлі отбасы» конкурсы жеңімпаздарын марапаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Мерейлі отбасы» конкурсы жеңімпаздарын марапаттайды

19.09.2014
Елбасы «Мерейлі отбасы» конкурсы жеңімпаздарын марапаттайды

Бүгін елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Бұл байқау ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде осыдан біршама уақыт бұрын басталған болатын. Ал елордаға өңірлік конкурстардың жеңімпаздары жиналып отыр.

Бұл конкурста еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 1 298 жанұя бақ сынады.

Марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысады.

Хабарламаларға жазылу