Мүгедек жанға өтемақы төленбей келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек жанға өтемақы төленбей келеді

06.09.2014
Мүгедек жанға өтемақы төленбей келеді

Ақмола облысы, Зеренді ауданының тумасы Еркін Ғаббасов 2007  жылы  тұрмысын түзеу мақсатында отбасымен Көкшетау қаласына көшіп келіп, құрылысшы болып жұмыс істейді.

Алайда, тепсе темір үзетін 23 жастағы жігіт көпқабатты үйлердің біріне құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қатты жарақат алып, мүгедек халге душар болады.

Үйдің құрылысына жауапты компания басшысы Еркінге өтемақы төлеуді өз мойнына алғанымен, көп ұзамай бұл міндетін орындауға құлықсыздық танытқан. Еркін Ғаббасовтың айтуынша, түнгі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жарық болмаған.

Оқиғаның ізімен Астана қалалық еңбек инспекциясына хабарласқанымызда  олар Еркін Ғаббасовтың арызын  алғанын айтты. Олар заң бойынша  жұмыс беруші тек мүгедектік тағайындалғанға дейін төлемақы төлеуге міндетті, ал мүгедектік тағайындалғаннан кейін, тек Үкіметтен зейнетақы алуға құқығы бар дегенді алға тартты. 

Мемлекеттік еңбек инспекторы Ерлан Бердалиннің айтуынша, ресми тексеру жүргізуге құқығы жоқ екен. Себебі, елде бизнесті тексеруге мораторий жарияланған. 

Ерболат  ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу