Қазақстан банктерінде проблемалық несиелер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан банктерінде проблемалық несиелер көбейді

12.04.2016
Қазақстан банктерінде проблемалық несиелер көбейді
Екі ай ішінде уақытылы төленбей жатқан қарыз 71 миллиард теңгеге өскен.

Қазақстан банктерінде проблемалық несиелер көбейді. Екі ай ішінде уақытылы төленбей жатқан қарыз 71 миллиард теңгеге өскен. Ал, заңды тұлғаларда, керісінше, несиені кешіктіріп төлеу фактілері азайыпты. 73-тен 57 пайызға дейін.

Жылдық динамика негізгі салалардың берешегі 32 пайызға дейін азайғанын көрсетіп отыр. Мысалы, құрылыс саласы былтырдың ақпанынан бері қарызды қайтару белсенділігі бойынша рекорд көрсеткен. 56 пайыз. Ақпарат және байланыс секторы – 52, сауда-саттық 41 пайызға дейін кемітіпті.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу