Астанада 1200 адамның түсірген көміріне өтемақы төленбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 1200 адамның түсірген көміріне өтемақы төленбек

03.10.2018

Зейнеткерлер мен мүгедек жандарға жергілікті әкімдік сондай жеңілдік жасап отыр. Яғни, әр адамға 20 мың теңгедей тиесілі. Бұл әрине біреуге түк те емес шығар. Бірақ, үнемі үнеммен жүретіндерге үлкен көмек.

Егде кісілер 7 тонна көмірін түсіріп алған. Қазір там-тұмдап жағып отыр. Бірақ, қыс қаһарына мінгенде еппен жиғанымыз жетпей қалуы мүмкін,-деп қорқады. Сондықтан, қатты отынға берілетін өтемақы олар үшін біраз қолдау.   

Қарлығаш Қожасова, қала тұрғыны:

-Үй ескі болғаннан кейін жағуын жағамыз. Суып кетеді күн суықта, аязда. Мынау беріп жатқан көмек аз да болса бізге пайдасы бар. 10 тоннадай көмір жағамыз.

Өтемақы көлемі әзірге 19 мың 240 теңге. Алда 50 мыңға дейін өсуі мүмкін. Ол жағы екшелуде. Жалпы, қаржы жылыту маусымы аралығына бағытталған. Яғни, 15-қазаннан 30-шы сәуірге дейін арыз беріп жәрдемақы алуға болады. Зейнеткер Серік Қабиденов мүмкіндікті қалт жібермеу үшін күні бұрын қамданып, әлеуметтік қорғау басқармасына келді. 

Салтанат Станбаева, Сарыарқа аудандық әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы:

-Бұл әлеуметтік көмекті алу үшін ол зейнеткер, мүгедек, мүгедек бала болсын отбасының бір мүшесі сол үйдің иегері болу керек. Сол үйде тұрып, сол үйде пеш жағып отырса және кірістері күнкөріс деңгейінен 3 пайыз төмен болған жағдайда төленеді. Яғни, бүгінгі таңда бір адамға күнкөріс деңгейінің мөлшері 32932 теңге.

Демек, 98 мың теңгеден аспауы тиіс. Ал, Қарлығаш апаның отбасында өзінен бөлек, жолдасы мен қызы бар. Олардың ортақ табысы 200 мыңға жетпейді. Соны есепке алса өтемақы алуға толық құқылы.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу