Алматы облысында «Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс» атты жоба сәтті іске асты

13.11.2017

Нәтижесінде мыңнан астам кембағал адам жұмысқа орналасты. Жобаға үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатыстырылып, өңірдегі жұмыссыздардың тізімі жасалды. Әр мүгедек жанға жеке анкета толтырылып, олардың қандай қызметке қабілеті бар екендігі анықталды. Әлеуметтік желілердегі бос орындар туралы жарнамалар сараланып, мүмкіндігі шектеулі жандармен байланыс орнату жүйесі пысықталды. Олардың конституциялық құқықтары қорғалып, заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа орналасқан азаматтар ары қарай да прокурорлар назарында болады. 

Ерік Асанов, Алматы облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары:

- Өзімнің бизнесімді, кәсіпкерлігімді ашамын деген тұлғаларға мемлекеттік қолдау беру мүмкіндіктері түсіндіріліп, кейбіреулері өздерінің жеке бизнесін ашты. Атап айтқанда, Балқаш ауданында, Ескелді ауданында киім тоқу цехтері ашылды. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу