Елордалық полицейлер қан тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық полицейлер қан тапсырды

28.08.2014
Елордалық полицейлер қан тапсырды

Бүгін 200-ге жуық елордалық полицей жол апатына түскен бүлдіршіндерге донор болды.

Ішкі істер департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері қалада балалардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Апат салдарынан 1 бүлдіршін  қаза тапты. 59 бала түрлі дәрежеде жарақат алған.

Жол-патрульдік полициясының инспекторлары мен әкімшілік полиция қызметкерлері «апатта қан жоғалтқан балғындарға осылайша көмектессек», дейді.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу