Елордалық 10 қабаттан құлап, көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық 10 қабаттан құлап, көз жұмды

28.01.2022

Жаза басып жан тапсырды. 10-шы қабаттан мата арқылы түспек болған елордалық жерге құлап кетті. Оқиға Құдайбердіұлы көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Полицейлер хабарланған мекен-жайға жеткенде 59 жастағы ер адамның тіл тартпай кеткені анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу