Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты өртенді

17.07.2014
Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты өртенді

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, үш адам ауыр жарақат алды. Екі адамды қатты күйік шалған. Олар кен орнынан Қандыағаш қаласының ауруханасына, біреуі облыс орталығына ауыр халде жеткізілді.Қазір, жансақтау бөлімінде.

Өртенген «Вернал Ойл Қазақстан» серіктестігіне тиесілі аумақ. 5000 текше метрлік мұнай тиелген резервуарда тұтанған от 5 сағатта әрең сөндірілді. Жалын 380 шаршы метрді шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Асқар Төлешев, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:

Қасында тағы да  5 резервуар болды, қауіпті. Ішінде бензин бар, мазуты бар, мұнайы бар. Оған ешқандай қауіп келген жоқ. 19 техника жіберілді 100-ден көп адам қатысты сөндіруге. Қазір шығыны анықталып жатыр.

Әлия ТАЛАСОВА

 

 

Хабарламаларға жазылу