«Атырау мұнайы. 70 жыл». Деректі фильм - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау мұнайы. 70 жыл». Деректі фильм

26.09.2015
«Атырау мұнайы. 70 жыл». Деректі фильм

Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласының алғашқы қарлығашы. Елдегі мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі де осы кәсіпорын. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Мұнда негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Сондай-ақ, сусабындар, іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған «Тосол-А-50М» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол» сұйығы өндіріледі.

Зауыттың алғашқы өнімі – автокөлік бензині. Ал, алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты.

Атырау мұнай өңдеу зауыты туралы толығырақ бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу