Маңғыстау облысында мұнай өңдеу зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

17.07.2015
Маңғыстау облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы Маңғыстау облысының басшылығы хабарлады. 

Облыста салынатын зауыт құрылысына Иран мемлекеті де қатыспақ. Яғни, зауыт - екі елдің біріккен жобасы болмақ.

Қазақстандық ірі компаниялар жобаға инвестиция құюға қызығушылық танытуда. 

Жуық арада жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуы тиіс, ал, құрылысты бастау туралы құжаттарға жыл соңында қол қойылады. 

Хабарламаларға жазылу