Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында өрт шықты

29.10.2021

Жамбыл облысында мұнай резервуары өртенді. Аса ауылындағы  «Амангелді»  газ өңдеу зауытының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар отқа оранған. Оқиға орнына 21 техника мен 75 қызметкер жұмылып, өртті бір жарым сағат ішінде сөндірді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына дизелді резервуарға тасымалдау кезінде технологиялық процесс бұзылған. Қазір арнайы мамандар залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу