Осыны ескерген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының бір топ өкілі Ұлытау, Жаңаарқа аудандары мен моноқалалар қатарына кіретін Сәтбаев, Жезқазған шаһарларына келіп, тұрғындардың сұрақтары мен пікірлерін тыңдады.
Алдағы уақытта шалғай аудандарда «ҚазАгроҚаржының» филиалдарын ашу қолға алынбақ.
Сөйтіп, алыстағы жұрт құжат рәсімдеуде облыс орталығына шапқыламайтын болады.
Жалпы, Қарағанды облысында 2013 жылдың өзінде 7,4 миллиард теңгенің қаржыландыру жұмыстары жүзеге асқан. Алдағы уақытта құны 17,2 миллиард теңге тұратын тағы 18 жоба іске асырылады, деп күтілуде.
Нұрсұлтан Жұмабеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының бас маманы:
Моноқалаларға қаржылай көмек беру бағытында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері іссапармен келіп отыр. Жезқазған өте алыс. Көбінесе халыққа мәлімет жетпей жатыр. Сол себепті, осы жиналыс ұйымдастырылды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ