«ЦентрКредит» банкі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЦентрКредит» банкі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден береді

09.01.2022

«ЦентрКредит» банкі төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскериелер мен полицейлердің отбасына 1 млн теңгеден қолдау қаржы беретін болды. Тағы екі банк көз жұмғандардың несиесін кешіреді. Бұл туралы «Сбербанк» және «Хоумкредит» банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Олар қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтып, несиесіне қатысты айыппұл және өсімпұлды тоқтатты. Айта кетейік, бұған дейін «Халық банк» қаза тапқан әскерилердің несиесін кешіретінін мәлімдеді. Бұдан бөлек жеке және заңды тұлғалардың несиелеріне де қаңтар айының соңына дейін өсімпұл жүрмейді. Қазір банктердің барлық филиалдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кеңселер жағдай тұрақталғаннан кейін қайта ашылады. Бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік салаға келтірілген шығын көлемі шамамен 92 миллиард теңгеден асты.  

Хабарламаларға жазылу