Мереке қарсаңында Жамбыл облысында бірқатар нысан пайдалануға беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке қарсаңында Жамбыл облысында бірқатар нысан пайдалануға беріліп жатыр

18.10.2022

Республика күні қарсаңында Жамбыл облысында тағы бір өндіріс ошағы іске қосылды. Бұдан бөлек, мерекеге орай өңірде 19 әлеуметтік нысан ашылады деп жоспарланған.

Нұрдос Болатұлы, тілші:

Бүгін ашылған минералды тыңайтқыштарды өндіретін цех жылына 1 млн тонна өнім шығарады. Зауытта 400 адам жұмыс істейді. Бұдан өзге, аймақта Республика күніне орай бірқатар нысан пайдалануға беріліп жатыр. Облыстың 4 ауданында амбулаториялық орталық ашылды. Жамбыл ауданында 9 елді мекенді жалғайтын газ құбыры тартылып, Жуалы ауданы Рысбек батыр ауылына көгілдір отын беріледі. Сонымен қатар, өзге аудандарда учаскелік полиция пункті, этнос өкілдеріне арналған ғимарат ашылады. Шу ауданында 200 орындық балабақша мен екі отбасыға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспана беріледі. Ал 22 қазаннан бастап облыс орталығы мен аудандарда мәдени іс-шаралар мен концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылады.

Нұрдос Болатұлы



Хабарламаларға жазылу