Наурыз мерекесіне орай «Ерекше» қайырымдылық қоры да салтанатты шара ұйымдастырды. «Наурыз-Думан» атты мерекеде Астанадағы «Камертон» вокалдық тобы, «Радуга» би ансамблі, «Назқоңыр» қобыз ансамблі өнер көрсетті.
Әсіресе, көрермендер Алматыдағы балалар үйінен келген кілең жігіттерден құралған «Мерей» тобының өнеріне тәнті болды. Топ мүшелерінің барлығы орыс ұлтының өкілдері болғанымен қазақшаға судай. Қазақтың ұлттық биін орындаған олар келушілердің ыстық ықыласына бөленді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ