Моңғолия президенті Наурыз мерекесін қазақ отбасының үйінде қарсы алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолия президенті Наурыз мерекесін қазақ отбасының үйінде қарсы алды (ВИДЕО)

23.03.2017

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Наурыз мерекесін қазақ отбасымен бірге атап өтті. Мемлекет басшысы оқытушы, ғалым Қылыш Ақсолтанның шаңырағында  болды.

Президент үй иесін және барша Моңғолия қазақтарын ұлық мерекемен құттықтап, ұлттық тағамнан дәм татты. Сондай-ақ, домбыра әуезіне сусындап, қазақы дәстүрмен танысты.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу