Осы апта күллі күншығыс елі әз-Наурыз мерекесін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы апта күллі күншығыс елі әз-Наурыз мерекесін атап өтті

24.03.2019

Осы апта күллі күншығыс елі, оның ішінде Қазақ мемлекеті де әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Астанадағы басты мерекелік шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, халықты Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды. Бұл жерге ертемен ағылған халықтың легі де қалың болды. Шадыман шаттығын жетелеп келген әз-Наурызда отау құрып, болашаққа бірге қадам басқан жас жұбайлар да алаңда жүр. Елбасы оларға ақ батасын берді.

Хабарламаларға жазылу