Басты Жаңалықтар Кәсіпкерлерден қаржы қымқырған әйел қамауға алынды

Кәсіпкерлерден қаржы қымқырған әйел қамауға алынды

Кәсіпкерлерден қаржы қымқырған  әйел қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерден ірі көлемде қаржы қымқырған алаяқ әйел қамауға алынды. Әзірге 32 жастағы Алина Хакалоның 10 кәсіпкерді тақырға отырғызғандығы белгілі болды.
 
Қаржы пирамидасын құрған Хакалоның тұзағына түскендердің дені - Батыс Қазақстан облысынан. Арасында Ақтөбе мен Алматының кәсіпкерлері де кездеседі.
 
Олар, өзін ЮСАИД бағдарламасының операторы, деп таныстырған әйел арқылы грант алып, өз жобаларына қолдау таппақшы болған. Алайда, алаяқтың арбауына ілігіп, 1 миллиард теңгеден астам шығынға батты.
 
Мәселен, «Конденсат-Холдинг ЛТД» серіктестігі 408 миллион, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 235 миллион теңгеден айырылған. Аталған дерек бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды.
 
Мағауия Құрмашев, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
Екеуміз бір шот ашамыз. Соған өзіңнің ақшаңды аударасың. Сосын қандай мақсатқа жұмсайтының туралы құжаттармен реттеп, маған бересің. Оны мен Болгариядағы ЮСАИД-тың филиалына жіберемін. Құжаттарыңыз дұрыс деген жағдайда, жетпей тұрған қаржыңыз қосылады, деп сендірген.
 
Рауан ДИӘЛИ
Бөлісу