Семейде инклюзивті оқыту қолға алынуда

Иә, еліміз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бөгетсіз өмір сүретін ортаға айналуы тиіс. Осы орайда Семейдегі қызмет көрсету саласы колледжі екі жылдан бері инклюзивті оқытуды қолға алған.
Қазір онда есту қабілетінен айырылған және нашар еститін студенттерді оқытатын арнайы бөлімдер ашылып, білім беріліп жатыр.
Татьяна Свистунова - Семейдегі нашар еститін балалар интернатының түлегі. Интернатты тәмәмдағаннан кейін арнайы оқу орны болмағандықтан, мамандық ала алмады. Соның салдарынан талай жыл жұмыссыз жүрді.
Өткен жылы, сәті түсіп, қызмет көрсету саласы колледжіне түскен. Қазір шаштараз мамандығы бойынша білім алып жатыр. Оқуға кететін шығын түгелдей облыстық бюджеттен бөлінеді.
Татьяна Свистунова, студент:
Біз қазір І курсты аяқтадық. Тағы 1,5 жыл оқыған соң куәлік аламыз. Жақсы үйреніп жатырмыз. Шәкіртақы да алып тұрамыз. Үкіметтің осындай мүмкіндік жасап отырғанына алғыс айтамыз.
Жалпы, Семейдегі қызмет көрсету саласы колледжі 2012 жылдан бастап, мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуды қолға алды. Ондағы мамандар кембағал жандарға қоғамның тең мүшесіндей білім беруге барлық жағдай жасалуы тиіс, деген пікірде. Қазір колледжде есту қабілеті нашар 20 студент оқып жатыр.
Жанар Ұзақбаева, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Тігінші, аспазшы мамандығы бойынша сұраныстар бар. Сурдоаудармашыларды алдық, осы мамандықтар бойынша.
Колледжде бүгінде қызмет көрсету мамандарын оқытатын 7 бөлім бар. Онда тігінші, аспаз, шаштараз, дәнекерлеуші сынды сұранысқа ие кәсіп иелерін даярлайды.
Білім ошағы инклюзивті оқытуды одан әрі дамытуды көздеп отыр. Ол үшін оқу орны арнайы мамандарды жұмысқа алып, оқу базасын жаңартып жатыр.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42