Оралда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды

11.03.2014
Оралда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Орал қаласында такси жүргізушісіне шабуыл жасалды. Оқыс оқиға талтүсте қала шетінде болған. Айтқан жеріне жеткізсе де жолаушы мен жүргізуші арасында келіспеушілік пайда болған.
 
Жанжал соңы жолаушының көлік иесін пышақтауымен тынады. Ішіне қадалған қанжарға қарамастан жүргізуші көлігіне мініп, қаладағы ауруханаға жетуге тырысқан. Бірақ қансырап, орта жолда кездескен жол-патрулдік полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
 
Көліктен шыға құлаған азаматты тәртіп сақшылары дереу облыстық ауруханаға жеткізген. Мүшкіл халіне қарамастан ол өзіне шабуыл жасаған күдіктінің түр-тұрпатын, жас шамасын полиция қызметкеріне айтып берген.
 
Мұрат Мырзағалиев, Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
Жігіттің ішінен пышақтың жартысы шығып тұрды. Мен дереу өз көлігіме отырғыздым да ауруханаға беттедім. Жол бойы есінен танып қалмас үшін сөйлесіп отырдым. Зардап шеккен азаматтың айтуынша, оған пышақ сұққан жолаушы 20-25 жас шамасындағы ер адам. Болған жайды Зачаганск кентінің Ішкі істер бөліміне хабарладым.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу