Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды

12.02.2024

Өкінішке қарай, арамызда жүрген дәл осындай құтқарушыларға қатысты келеңсіз жағдайлар әлі күнге дейін болып жатыр. Мәселен, өткен демалыс күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалған. Оқиға жанармай құю бекетінде болыпты. Куәгерлердің айтуынша, науқасқа асығып бара жатқан жедел жәрдем жүргізушісі көлігіне жанармай құйып жатқан. Алайда, бәзбіреу темір тұлпарын тұраққа дұрыс қоймай, жұдырық ала жүгірген. Полицейлердің мәліметінше, қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу