Оралда қорықшыға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қорықшыға шабуыл жасалды

15.11.2019

Оралда қорықшыға оқ атылды. Оқиға өткен түні Круглоозерное кентінің маңында болған. 

Қорықшыларға тоғайда елік атқан браконьерлер жүргені туралы хабар түседі. 54 жастағы Геннадий Головатенко аңшылар ізіне бірінші болып түсіп, олардың көлігін қарамақ болған. Сол кезде екі ер адам бұған шабуыл жасап, оқ атқан. Ол көлігін тасалап, полицияға хабарлап үлгерген. Оқиға орнына жеткен полицейлер екі күдіктіні қолға түсірді.

Кейін сол маңнан тағы екі адам ұсталды. Олардың көлігінен қару мен пышақ, бөлшектелген елік еті табылды. Қазір қос оқиғаның бір-біріне қатыстығы анықталып жатыр. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу