Қарағандыда белгісіз біреу такси жүргізушісіне оқ жаудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда белгісіз біреу такси жүргізушісіне оқ жаудырды

28.10.2021

Кеше түнде Қарағанды қаласында белгісіз біреу такси жүргізушісіне оқ жаудырды. Ер адамдардың арасындағы қақтығыстың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарады. Кадрдан жанжал кезінде көлік жүргізушісі мен оған шабуылдаған екі азаматты аңғаруға болады. Артынша күші басым тараптағылардың бірі травматикаға ұқсас қарудан жүргізушіге үш мәрте оқ атады.

Оқыс оқиға Майқұдықтың 15-ықшам ауданында болған. Сағат түнгі оннан аса 35 жастағы такси жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы арасында төбелес болған. Кәугерлер жәбірленушіге мойын тұсына екі рет және кеудесіне оқ дарығанын айтқан. Ол жедел жәрдем көлігіне өз аяғымен отырған. Жағдайы қалыпты. Аталған жайт полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Хабарламаларға жазылу