Сегізінші наурыз мерекесіне орай Атырауда алғаш рет орта оқу орны студенттерінің арасында «Айналайын, қазақтың қыздары-ай» атты облыстық байқау өтті.
Үш кезеңнен тұратын сайысқа іріктеліп алынған 17 ару қатысып, бақтарын сынады. Таныстыру, өз өнерін көрсету, және «Мамандығым мақтанышым» атты бөлімдерде сынға түскен бұрымдылар қазақ қызына тән барлық қасиеттерді көрсетіп бақты. Шараның мақсаты да осы.
Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, қазақ қызына тән болмысты насихаттау. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар қыздар байқауын өткізуді дәстүрге айналдырмақшы.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ