Бала-шаға бақытына бөленген

Жаңа жыл алдағы күнге үлкен үміт сыйлайтын жарқын мерекенің бірі. Әрбір адам бұл мейрамды өз отбасының ортасында қарсы алуға тырысады. Игі тілек айтып, келер күннен жақсылық күтеді.
12 бала тәрбиелеп, 27 немере, 8 шөбере сүйген семейлік Әзірхан Далабаев биылғы жылқы жылы жайлы болатындығына сенімді. «Өсіп-өнген бала-шағаны бауырға басып, жыл басын бақытты шаңырақтың астында қарсы алуымыз, бейбіт еліміздің бізге берген сыйы», дейді ақсақал.
Соғыс жылдары дүниеге келіп, жастайынан ауылда ауыр еңбектің бейнетін бастан өткізген Әзірхан ақсақал мен батыр ана Сәлима әжей өздерін ең бақытты жандар деп біледі.
Өйткені, ер жетіп аяқтанған балаларының, немере-шөберенің ортасында. Әркез Жаңа жылда ұрпағының тілеуін тілеп, жеткен жетістіктеріне марқайып, жаңа күннен жақсылық күтеді.
Әзірхан Далабаев, Семей қаласының тұрғыны:
Жылқы жылынан келесі жылға дейін аман-есен жетейік. Басымыз аман, деніміз сау болсын дейміз!
Әулеттегі 6 ұл, 6 қыз түгелдей оқып, білім алып, әр саланың тұтқасын ұстады. Ата-ана тәрбиесін көріп өскен тату отбасы кез келген істі жұдырықтай жұмылып істейді. Бір-біріне қашанда қамқор. Жыл сайын Жаңа жылды бір кісідей қарсы алады. Сөйтіп, өкшелеп келе жатқан өскелең ұрпаққа бірлікті үлгі етеді.
Шынар Далабаева, келіні:
Мейрам болсын, басқосулар болып, бір-бірімізсіз жүрмейміз. Бәріміз қосылып кетеміз. Осы кісілердің тәрбиесі де шығар.
Болат Далабаев, баласы:
Әкеміздің ізін басып келе жатырмыз. Әкемізге қарап өсіп келе жатырмыз. Заманның қиыншылығын көрсе де, 12 баланы бір баладай етіп тәрбиеледі.
Әзірхан ақсақал мен Сәлима әже ел тілеуін тілеп отырады. Ұрпақтары тәуелсіз мемлекеттің азаматтары болған тәубә етеді. Бар армандары - бейбіт елдің берекесі артып, тұғыры нығая түскені.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42