Бүгін - Денис Теннің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Денис Теннің туған күні

13.06.2019

Бүгін - Денис Теннің туған күні. Осыған орай, алматылықтар қайғылы жағдайда дүниеден озған атақты спортшыны еске алып, оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойды.

 

Қазақ спортын барша әлемге танытып, жасындай жарқылдаған Денис Тен 25 жыл ғұмырында толымды табысқа қол жеткізді. 2013 жылы Лондондағы Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленсе, 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиадада Ұлттық құрама қоржынына жалғыз қола медалді салды. Сонымен қатар, 2015 жылы Сеулде өткен «Төрт құрлық» чемпионатында алтын жүлде иеленген.

 

Естеріңізге сала кетейік, белгілі спортшы былтыр Алматыда көлігінің айнасын ұрлаған қарақшылардың қолынан қаза тапқан еді.

 

Виссарион Ким, қала тұрғыны:

Әрине, Денис Тен сияқты ұлы спортшылардың өмірден ерте өткені және осындай жағдайда қаза тапқаны өкінішті. Ол елімізді әлемге танынытуға айрықша үлес қосып кетті. Өз өнерімен қаншама жастарға үлгі болды. Біз оны ешқашан есімізден шығармаймыз.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу