Басты Жаңалықтар Ақтөбелік жас футболшылар «Реал Мадрид» академиясына жолдама алды

Ақтөбелік жас футболшылар «Реал Мадрид» академиясына жолдама алды

Облыс орталығында «Ақтөбе Мектеп лигасы» ойындары өз мәресіне жеткен болатын. Қазақстанда баламасы жоқ жобаға биыл 200-ден астам команда қатысқан.

Финалдық ойындар Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтті. Нәтижесінде үздік ойын көрсеткен №48 мектептің құрамасы биылғы оқу жылының жеңімпазы атанды. Олар «Реал Мадрид» футбол академиясына жолдама алды. Енді олар 10 күн бойы әлемдік гранттың футбол базасымен танысады.

Айта кетелік, «Ақтөбе Мектеп лигасы» - елімізде тұңғыш рет бастау алған балаларға арналған жоба.

Асхат Қалжанов, облыстық футбол қауымдастығының бас хатшысы:

- Қыркүйек айында басталды. Жалпы 231 команда қатысты. Барлық қала бойынша 77 мектеп 3 құрамадан шығарды. Білім министрлігінен комиссия келді .Олар он мектепті тексерді.

Жақсыбек КЕМАЛ

Бөлісу