Азия ойындарында қазақстандықтар тағы 3 медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында қазақстандықтар тағы 3 медаль жеңіп алды

29.08.2018

Азия ойындарында бүгін жерлестеріміз тағы 3 медаль жеңіп алды. Үшеуі де қола. Дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Галбадрах Отгонцецэг қытайлық Яо Сюннен басым түссе, 66 келіде белдесетін Елдос Жұмақанов та үшінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, велотректен жекелей есепте Артем Захаров Гонконг спортшысынан озып, үздік үштіктің қатарына енді. Ал, дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта белдесетін Елдос Сметов жарақат алып, жүлдесіз қалды. Дәрігерлер оң жақ қабырғасы сынған болуы мүмкін деп отыр. Медаль саны бойынша Қазақстан әзірге жалпы есепте 11-орында. Біздің еншімізде 8 алтын, 9 күміс және 30 қола медаль бар.  

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу