Азия ойындарының жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер кілті табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер кілті табыс етілді

13.10.2014
Азия ойындарының жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер кілті табыс етілді

Еркін күрестен Оңтүстік Кореяда өткен XVII жазғы Азия ойындарында Қазақстанның намысын қорғап, күміс медаль иегері атанған ақсулық Дәулет Шабанбайға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақсу өңірінің тұрғындарын қала күнімен құттықтаған шаһар басшысы Қайрат Нүкенов палуанға спорттағы жеңісі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, Азия ойындарының төрт дүркін қола жүлдегері XVII Азия ойындарында ел мерейін өсіріп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде әкелді. Жалпы есепте Павлодар облысының спортшылары бұл жарыста бір алтын, екі күміс және төрт қола жүлде жеңіп алды. 

Хабарламаларға жазылу