Жеңілатлет Маргарита Мұқашева ел қоржынына 17-ші «алтынды» салды

01.10.2014
Жеңілатлет Маргарита Мұқашева ел қоржынына 17-ші «алтынды» салды

Бүгін Азия ойындарында әйелдер арасындағы жеңіл атлетикадан 800 метрге жүгіруден жарыс өтті. 1:59,02 (Азия ойындарының рекорды) нәтижесімен қазақстандық желаяқ  Маргарита Мұқашева алтын медаль жеңіп алды.

«Күміс» үнділік Лукки Тинтуға бұйырса, «қоланы» қытайлық спортшы Цзинь Чжао алды.

Бұл - «алтын» Қазақстан қоржынына түскен 17-ші медаль.

Хабарламаларға жазылу