Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы жеті жүлдемен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы жеті жүлдемен толықты

22.08.2018

Индонезияда өтіп жатқан 18 жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 7 жүлде түсті. Оның үшеуі күміс және төртеуі қола. Ватерполшы қыздарымыз айналымдық жүйе бойынша бақ сынап, екінші орынға Жапония құрамасымен таласты. Ойынға барын салған бұрымдылар жеңісті қарсыластарынан жұлып алды. Соңғы сәтке дейін өте тартысты  өткен кездесудің қорытындысы 12-де 11.

Сондай-ақ, таэквандошы Жансель Дениз финалда оңтүстіккореялық қарсыласына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.

Әйелдер күресінде Эльмира Сыздықова қола медальға қол жеткізді. Грек-рим күресінде де спортшымыз бір қола иеленді. Ал көпшілік үміт артқан балуан Алмат Кебіспаев финалға дейін барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, шешуші белдесуде оңтүстіккореялық спортшылдан жеңіліп қалды. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 5 күміс және 8 қоламен 11-ші орында келеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу