Галина Вишневская жазғы биатлоннан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Галина Вишневская жазғы биатлоннан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

24.08.2014
Галина Вишневская жазғы биатлоннан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская биатлоннан Жасөспірімдер арасындағы жазғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

10 шақырм қашықтықта сайысқа түскен Галина Вишневская ресейлік Кристина Ильченкода 23 секунд артта қалып, мәреге екінші келді. Үшінші орынды чехиялық Йессика Йислова қанағат тұтты.

Бұл 20 жастағы спортшымыздың алғашқы жеңісі емес. Ол осыған дейін 6 шақырым қашықтықта да күміс жүлдегер атанған, сондай-ақ 2012 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиаданың 7,5 шақырым қашықтықтағы қола жүлдегері.

Хабарламаларға жазылу