Азиада-2017: Биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2017: Биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

25.02.2017
Азиада-2017: Биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлестеріміз жүлдеге биатлоннан өткен аралас эстафета (2×6 км - әйелдер, 2×7,5 км -ерлер) ие болды. Бұл бүгінгі қоржынымызға түскен алғашқы медальдар. Алда тағы да бәсекелер күтіп тұр. Бұл медальдар саны артады деген үміттеміз.

 Жеңімпаздардың көрсеткіштері: 1. Қазақстан (Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий) - 1:15:40.3 (1+5 0+7) 2. Қазақстан (Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов) - +14.2 (0+3 0+6) 3. Жапония - +2:44.8 (1+6 0+7).

inform.kz 

 

 

Хабарламаларға жазылу