Australian Open: Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Australian Open: Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

18.01.2024

Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open турниріндегі екінші айналымда Анна Блинковамен кездескен еді. Бәсеке 3 сағатқа созылды. Алғашқы сетте Рыбакина 4:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Екінші партияда Елена алға шығып, 6:4 есебімен басым түсті. Ал 6:6 есебімен аяқталған үшінші сеттен кейін теннис сүйер қауым тай-брейкті тамашалады. Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші 6 бірдей матчболды ойната алмады. Ресейлік теннисші жеңіске жетті. Анна Блинкова үшінші айналымда италиялық теннисші Жасмин Паолинимен шеберлік байқасады.

Хабарламаларға жазылу