«Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Атлетико Мадрид» командасынан ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Атлетико Мадрид» командасынан ұтылып қалды

22.10.2015
«Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Атлетико Мадрид» командасынан ұтылып қалды
«Висенте кальдерон» стадионына жиналған жанкүйерлер ойынның 25-минутында Сауль соққан голды тамашаласа, араға төрт минут салып Джексен Мартинес есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда алаң иелері тағы екі гол соқты. Қос ұжым арасындағы келесі кездесу «Астана Арена» стадионында қараша айының 3-жұлдызында өтеді.

Индира БЕКТЕН

Хабарламаларға жазылу