«Paris Kazak Spor» клубының футболшылары Қарағандыға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Paris Kazak Spor» клубының футболшылары Қарағандыға келді

16.06.2015
«Paris Kazak Spor» клубының футболшылары Қарағандыға келді

Қарағандыға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazak Spor» клубының футболшылары келді. 

Шетелден келген қандастарымыздың сапары Астанадан бастау алған. Елордамен танысқаннан кейін кеншілер шаһарына келді.

Қонақтар «Болат» командасының жастар құрамасымен кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 1986 жылы құрылған «Paris Kazak Spor» футбол клубы бүгінде Франция футбол федерациясының 7-ші лигасында ойнайды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу