Атақты футболшы Эйсебио дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атақты футболшы Эйсебио дүниеден өтті

05.01.2014
Атақты футболшы Эйсебио дүниеден өтті
 
Атақты португалдық футболшы Эйсебио дүниеден озды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
 
 «Бенфика» клубының өкілдері хабарлағандай, кезінде жасындай жарқылдаған 71 жастағы Эйсебионың бүгін таңертең жүрегі тоқтап қалған.

Эйсебио да Силва Феррейра 1942 жылдың 25 қаңтарында португалиялық Шығыс Африкада (қазіргі Мозамбик) дүниеге келген.
 
Лиссабондық «Бенфика» (715 матч, 727 гол) және Португалия құрамасы (64 матч, 41 гол) сапында ойнады. 1965 жылғы «Алтын доп» иегері. ХХ ғасырдың ең үздік футболшылары (ТОП-100) тізімінде ондыққа енді.

Хабарламаларға жазылу