Ертең - Жалпыұлттық аза тұту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең - Жалпыұлттық аза тұту күні

28.10.2023

Мемлекет басшысы Қарағандыға барды. Апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу