Алматыда Азия бокс конфедерациясы Бас Ассамблеясының кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Азия бокс конфедерациясы Бас Ассамблеясының кеңесі өтті

13.04.2015
Алматыда Азия бокс конфедерациясы Бас Ассамблеясының кеңесі өтті

Екі күнге жалғасқан кеңесте мамандар өткен төрт жылда атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасады.

Әуелі оңтүстік астанаға келген меймандар Талғар ауданында орналасқан бүкіләлемдік бокс академиясына барды. Заман талабына сай спорт кешенімен танысты.

Кеңес соңында Азия бокс конфедерациясының жаңа логотипі мен 2015 жылдың бюджеті нақтыланды. Сонымен қатар, қыркүйекте Таиландта өтетін Азия чемпионатына әзірлік барысы пысықталды.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу