Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды

28.12.2016
Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) жылды қорытындылап, номинациялар бойынша Азия үздіктерін жариялады:

2016 жылдың үздік Азия боксшысы - Данияр Елеусінов (Қазақстан);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы Инь Жунхуа (Қытай);

2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) - Хаято Цуцуми (Жапония);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) - Пан Сумей (Қытай);

2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) - Кристиан Питт Лорент (Филиппин);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) - Ю Лисай (Қытай);

2016 жылдың Азияның үздік APB боксшысы - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);

2016 жылдың Азияның үздік WSB боксшысы - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан);

Жыл жаңалығы - Шахрам Гиясов (Өзбекстан);

2016 жылдың үздік Азия бапкері - Патрицио Гаспи (Филиппин);

2016 жылдың үздік Азия супервайзері - Карина Пиксон (Филиппин);

Азияның үздік техникалық делегаты - Билли Вонг (Макао);

Азияның үздік төрешісі - Джинжинг Жанг (Қытай);

2016 жылдың Азия үздік ұлттық федерациясы - Қазақстан бокс федерациясы.

«Азия үздіктеріне» дауыс беру әлеуметтік желі арқылы жүргізілді және оған Азияның ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі бокс жанкүйерлерінің белсене қатысқанына қуаныштымыз. Біздің рейтингте Қазақстанның үш номинацияда көрініс тапқанын ерекше атап өткен жөн. Халықаралық кәсіби бокс қауымдастығының (АИБА) жыл қорытындысында да Астанада 2016 жылғы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын өткізген Қазақстан бокс федерациясының есімі аталып өтті», - деді ASBC атқарушы директоры Бақдәулет Төреханов.  


inform.kz

Хабарламаларға жазылу