Футзалдан «Қайрат» командасы «төртеудің финалына» шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан «Қайрат» командасы «төртеудің финалына» шықты

20.12.2014
Футзалдан «Қайрат» командасы «төртеудің финалына» шықты

Футзалдан «Қайрат» клубы «Еременко Кубогының» турнир кестесінде көш бастады. Әзірге алматылық команданың еншісінде 12 ұпай.

3 тур аясында 5 кездесу өткізген «Қайрат» соның 4-де жеңіске жетті. Кеше Какау шәкірттері 9:1 есебімен «Балтикфлора» футболшыларын ұтса, бүгін жергілікті «Тумен» командасымен кездесіп, олардан 6:3 есебімен басым түсті. Былтыр «Еременко Кубогын» иеленген қазақстандық команданың мақсаты биыл да сол межеден көріну. 

Айта кету керек «Қайрат» клубынан бөлек, төрт үздік ұжым өнер көрсететін финалға Қарағандының «Тұлпары» да суырылып шықты.

Хабарламаларға жазылу